Ed Sheeran – Shape of You
продолжительность = 0.42 мин.


Өтірік айту-менің хоббиім
Автор:МҰҢЛЫ_ҚЫЗ
Өткен бөлім/22/

ЕСКЕРТУЖАЗБА 70 ЛАЙК ЖИНАҒАНДА ҒАНА ФАНФИКТІҢ КЕЛЕСІ БӨЛІМІ ШЫҒАДЫ.СОНДЫҚТАН,АЯМАЙ ЛАЙК БАСАЙЫҚ!~

23-бөлім
Күн былай жақсы өтіп жатырған секілді.Жаңа бауырларыммен кездеспеуге барынша тырыстым.Эйзимен кездеспедім деуге де болады,ал Эйс жəне Даниярмен қайта-қайта соқтығысып қала беремін.Бүгін Даниярдың көңіл-күйі онша жақсы емес секілді.Мені мазақтап,жүйкемді жұқартпады.Кейде сабақ үстінде ол маған қарап отырғандай болады,бірақ артыма қарасам пысылдап ұйықтап жатқан Даниярды ғана көремін.Мен бүгінгі күнім жақсы өткені үшін Құдайға разылығымды білдіріп жүр едім.Тым тез шешім қабылдаған секілдімін…

***
Тоғжан:Бəрі жиналды ма?

Сабақтар баяғыда аяқталған еді.Мен,Аяу жəне Меру барлығы үйге тарағанын күттік те,тез-тез біз күнделікті дайындалатын спортзалға келдік.Қасымызда тағы бірнеше қыз бар.

Неге дайындықтар дейсіздер ме?Жағдай біздің мектеп ерекше екеніне барып тіреліп тұр.Бұл мектепте спорт өте маңызды заттардың қатарынан.Мектепте үлкен спортзал бар.Барлық жағдай жасалынған.Сосын бізде көптеген топшалар да бар.Футбол,баскетбол,волейбол топшалары секілді топшаларға бөлінеміз.Біздің мектепте спорттық жарыстар жиі өтеді.Жəне сайыстарға мектеп оқушылары белсенді қатысады.Бірақ,біз ол топшалардан өзгешелігіміз көп.Бізді байланыстыратын мүлде басқа зат бар.Ортаңғы мектептен бері біздің би топшамыз өмір сүріп келеді.Ия-ия,би топшасы!Біз анау-мынау би билемейміз!Біз хип-хоп билерін билейміз.Бұл-біздің сүйікті ісіміз,біздің қызыға істейтін ісіміз.Топшамыздың əр мүшесі талантты,дарынды. Хип-хопты керемет билейді.Біз күн сайын жаттығамыз. Тер төгіп,жетістіктерге жету үшін бар күшімізді саламыз.Бізде ортақ арман,ортақ мақсат.Біз хип-хоп би жарыстарына қатысқымыз келеді.Олар біздің қалада жуырда өткізілейін деп жатыр.Əрине,біздің мүмкіндігіміз шектеулі ғана,бұл жарыста бізден де жақсы өз ісінің шеберлері көп.Біз жай ғана арман қуған жастармыз.Бірақ, біз расыменде тырысып жүрміз,расыменде…Барлығымыз билегенді ұнатамыз,тіпті бимен жəне би үшін өмір сүріп жатырмыз десек артық етпес.Бұл сайыстарда да финалға шығатынымызға сенімдіміз.Біз қазір өте қиын би үйреніп жатырмыз.Оны сайысқа қатысқан да көрсетеміз.Менің ата-анам менің немен айналасатынымнан хабарлары жоқ.Бұл да жақсы,егер олар білсе мен өмір сүре алар емес едім.Олар менің шұғылданатын ісімді ешқанан ұната алмас. Тіпті,олар неге қызығатынымды да сұрамайды.Біліп қойса,жай ғана үйге қамап қояр еді.Бұл-олардың хоббиі.Сау бол,биСондықтан да,мен бұны жасырын ұстап жүрмін,олар əзірше күдіктеніп те жүрген жоқ.Ата-анамның бұл жайында хабары жоқ болса да,Батыр бәрін біледі. Бірақ,бұл мені еш алаңдатпайды.Себебі,Батыр биге құлшынысымды қолдайды. Ол да осындай іспен айналысатын болған соң шығар?
Дария:Қыздар,дайынсыңдар ма?
Танысып қоялық. Бұл қыз-Дария.Топшаның лидері,топша ішіндегі ең жақсы билейтін топша мүшесі.-Эй,ұйқы аруы! Тұрыңыз!-қыз менің бетімді сəл ұрғандай болды.Осы кезде ғана есімді жидым.
Тоғжан:Ай,кешір.Ойланып кетіппін.
Дария:Не жайлы?Жақында жарыс,ал сен мүлде басқа нəрсе туралы ойлап жүрсің бе?-Дария кішкене қаталдау еді,бірақ осындай болғаны үшін біз оны одан сайын жақсы көре бастаймыз. СЕБЕБІ,лидер Дариядар болуы тиіс!
Тоғжан:Жай туғандарым тағы да үй қамауында ұстайды.Мен қазір үйде болуым тиіс еді…
Бəрі:Тағы ма?4 қабырға арасында сені бір күні өлтіріп тындырады сенің туғандарың.Ешқандай еркіндік жоқ!
Тоғжан:Білемін,бұл жақсы емес.Бірақ,мен бәрін реттеймін.-телефон мен сөмкемді алдым да,спортзалдан жүгіріп шығып кеттім.Спортзал есігін жауып,анамның нөмірін тердім.
Тоғжан:Алло,мам,тыңдашы,мені мында мұғалім ұстап қалды.Үйге кейінірек барамын… Жоқ-а,ешқандай қиындық жоқ,біз… жай үлкен жобаны қорғауымыз қажет еді.Ия,сол үшін де бір сағаттай үйде болмаймын.Маған сенбесең,Батырға хабарлас.Ол сөзімді растайды.Аха,онда.Көріскенше!-мен тұтқаны қойдым да,қуаныштан секіріп жібердім.Ия! Ағамды қоссам,бəрі орындала кетеді. Еркіндік.Менің бірнеше сағатым бар.

23-бөлім соңы